«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

08 қыркүйек 2024 555 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бақытты отбасы – дәстүр құндылығынан» тақырыбында семинар болып өтті.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласының өкілі Ерболат жүсіпов бастаған мешіттің дін қызметкерлері және жас отбасылар мен қариялар қауымы қатысты.

Шарада Бас мүфти отбасыларға өзінің ақыл-кеңесі мен насихатын айта отырып, ажырасу секілді қоғам үшін қасіретті құбылыстардың алдын алуға шақырды. Ерлі-зайыптыларды ынтымағы мен берекесі ұйысқан жанұя болуға шақырды.

Шарада Бас мүфти тұсаукесер рәсіміне қатысып, бүлдіршіннің болашағы үшін дұға жасап, сый-сияпат берді. Артынша азан шақырып ат қою, неке қию рәсімдері де өткізілді.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында дін мен дәстүр аясында викториналық сұрақтар ойыны өтті. Екі кезеңнен тұратын сайыста әуелі шешуі оңай сұрақтар қойылып, жауап берушілердің барлықтарына арнайы сыйлықтар үлестірілді. Ал, екінші кезеңде 7 күрделірек сұрақтар қойылып, оның барлық қатысушыларына шипажайға жолдамалар берілді.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов әрбір жұпқа насихат айта отырып, отбасы деген қасиетті ұғымға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кеш соңында ақсақалдар батасын беріп, еліміздегі әрбір отбасыға Алла Тағала бақ пен береке берсін деп дұға-тілек жасалды.

Пікірлер Кіру