«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰЛШЫЛЫҚҚА ҚАДАМ БАСҚАН ЖАМАҒАТҚА НАМАЗ ДӘРІСІ ӨТТІ (ФОТО)
31 қазан 2025
606
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде намаз оқуды үйреніп, құлшылық жолына енді ғана қадам басып жатқан жамағатқа арналған намаз дәрістері өткізілді.
Мешіттің наиб имамы Махмұд Қасым жиналған жамағатқа намаз оқуды жан-жақты түсіндіретін арнайы кітапшаларды тарата отырып, құлшылықтың негізгі тірегі саналатын намаздың қадір-қасиеті мен маңызы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, намаздың сыртқы рәсімдерімен қатар, оның рухани мәні мен адам өміріндегі орнына тоқталды.
Іс-шараның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, намаз үйренуге ниет еткен жандарға қолдау көрсету. Дәріс арқылы жамағат мүшелері намаздың парыздары мен сүннеттерін, дәрет пен тазалық үкімдерін егжей-тегжейлі меңгеріп, өз сұрақтарына нақты жауап алды.



Пікірлер
Кіру