«Әзірет Сұлтан» мешітіне іс-басқарушы тағайындалды

08 сәуір 2026 100 0
Оқу режимі

Елорда төрінде орналасқан «Әзірет Сұлтан» мешітінде маңызды кадрлық өзгерістер жүзеге асты.

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрыллаұлы дін қызметкерлерінің алқалы жиынында іс-басқарушы қызметіне жаңадан тағайындалған Жанділла Мамытханұлын қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс, абыройлы қызмет пен ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, таныстырды.

Жиын барысында мешіт қызметінің жүйелі дамуы, діни-ағартушылық жұмыстардың сапасын арттыру, сондай-ақ қоғаммен байланыс бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Бекжігітов Жанділлә Мамытханұлы

Білімі:
2001–2006 жж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыс филологиясы факультетін «араб және ағылшын тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2009–2011 жж. Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Филология факультетін «шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Қызмет жолы:
2006 жылдан бастап 13.02.2026 жылға дейін «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислам діни бірлестігінің Орталық аппаратында мешіт істері бөлімінің маманы қызметінен бастап, бөлім басшысы, Қажылық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру