«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: «ОН КҮНДЕ ҚҰРАНҒА ТҮС» СЕМИНАРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ АЯҚТАЛДЫ (ФОТО)

11 қыркүйек 2025 1357 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Он күнде Құранға түс» атты семинардың екінші легі аяқталды.

Мешіт ұстазы Ерсайын Сәкеновтің жүргізуімен өткен дәрісті тыңдаған шәкірттер бағдарламаны ойдағыдай аяқтап, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысып, шәкірттерді кезекті жетістігімен құттықтады. Ол өз сөзінде:
«Құран – Жаратушының адамзатқа жіберген ең ұлы нығметі. Оны үйрену – мұсылманның ең абзал істерінің бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің» деп өсиет еткен. Құран оқу – жүрекке тыныштық, өмірге береке әкеледі. Әрбір әрпін оқығанға он сауап жазылады. Сол себепті білім алу жолындағы әрбір қадам – ақыретке жол ашатын қазына», – деп атап өтіп, ізденушілерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, қала бас имамы аталмыш семинардың «Әзірет Сұлтан» мешітінде ай сайын екі рет ұйымдастырылатынын айтып, жамағаттың білімін арттыру бағытындағы бастама жалғаса беретінін жеткізді.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру