Бас мешітте әйел жамағатына арналған сырласу сағаты өтті (ФОТО)

30 қыркүйек 2020 4794 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Инабат» қыз-келіншектер клубы мен Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған сырласу сағаты болып өтті. Мешіт ұстаздары мен орталық қызметкерлерінің ақыл-кеңестері айтылып, әйел жамағатына дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын жекелей түсіндіру мақсатында қолға алынған жобаның алғашқы отырысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Ерболат Нұрылдаұлы қатысушыларға Ислам дініндегі әйел мәртебесі мен орны жайлы айта келіп, отбасындағы береке мен тыныштықтың да тұтқасы да әйелдер екенін әсерлі уағызымен жеткізе білді. Бас имам насихатынан соң әйел жамағаты мен ұстаздар қауымы сырласу сағатын әрмен жалғастырып, виктроиналық сұрақтар мен психологиялық ойындарға ұласты.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру