Бас мүфти «24 хабар» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді (ФОТО)

31 наурыз 2020 5325 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «24 Хабар» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді.

«Адамды рухани күйзелістен құтқарудың жолдары» атты тақырыпта сұхбат берген Бас мүфти төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шығарған пәтуасын таныстырып, карантин кезінде ораза ұстау, уақытты тиімді пайдалану, құлшылықты арттыру, дұға жасаудың маңызы сынды бірқатар сауалдар төңірегінде ой-кеңестерімен бөлісті.

«Алла Тағала қасиетті Құранды әр қиындықпен бірге жеңілдік бар екенін баяндаған. Біз өтпеліге өкініш білдірмей, өткенге салауат, келер күннен үлкен үміт күткен халықпыз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиет еткендей, адам баласы қандай жетістікке жетіп, нығметке бөленсе, осынау жақсылықтарға игі ниетінің нәтижесінде қол жеткізеді.

Дана халқымызда «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар. Бұл – жақсылыққа ұмтылған жанның үмітіне қанат бітіріп, жанға қуат, көңілге медеу болатын сөз. Үмітсіздікке бой алдырмай, жақсы ниетпен болашаққа қадам басу – адамдық қасиеттің бірі. Ендеше, сындарлы сәтте бір-бірімізге қолдау көрсетіп, дұға жасайық. Алла елімізді, жерімізді түрлі дерттен сақтап, өз панасында сақтағай», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру