БАС МҮФТИ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

04 қараша 2024 389 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті аппарат жиналысын өткізді.

Жаңа жұмыс аптасына береке тілеп жиынды бастаған Бас мүфти: «Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жылды қорытындылауға жақын қалдық. Осы жылдың соңғы айларында да жұмысымызды жүйелі түрде атқарып, жоспарда тұрған іс-шараларымызды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырамын. Сауапты да жауапты қызметімізге Алла Тағала береке берсін» деді. 

ҚМДБ Төрағасы жиын барысында мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, бес бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру