БАС МҮФТИ АҚТАУДА МЕШІТ ПЕН МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
22 қараша 2024
155
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Ақтау қаласында салынып жатқан мешіт пен медресе құрылысымен танысты.
Бас мүфти құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, мешітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ережеге сәйкес, қазақы стильде салуға назар аударды. Сонымен қатар нысанды жоспарланған мерзімде аяқтау қажеттігін жеткізді. Наурызбай қажы Тағанұлы құлшылық үйінің тұрғызылуына тікелей демеушілік жасап жатқан азаматтарға айрықша алғысын білдірді.
Айта кетсек, жаңа мешітте бір мезетте 2000 адам құлшылығын өтей алады. Ал медреседе 100 шәкірттің білім алуына барлық жағдай жасалған.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру