БАС МҮФТИ АСТАНАДАҒЫ МӘУЛІТ КЕШІНДЕ ҮЗДІК ЖАСТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

27 қыркүйек 2024 741 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен Елордадағы Мәуліт кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Мәуліт сыйы» айдарымен білімді және үздік жастарды марапаттады.

Айта кетсек, аталмыш сый-құрметке ие болған жастар әртүрлі саланың үздіктері болып саналды. Өздерінің қарым-қабілеттерімен біршама жетістіктерге жеткен. Атап өтсек, олар:

1. ДАЛХАНОВА ФАРИЗА РЫСБЕКҚЫЗЫ
Астана қаласы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №24 орта мектебінің 9 сынып оқушысы. 

Жетістіктері:
2019 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі оқу жылдарының үздік оқушысы
2020 жылы «Roboland»  сайысының бас жүлдегері
2021 жыл «Палиглот» сайысының 1 орын иегері
2021 республикалық олимпиаданың 1 кезеңінде Жаратылыстану пәнінен 3 орын иегері
2024 жылы  Мектеп аралық Дебат мүшесі

2. ҚҰДАЙБЕРГЕН МАРЛЕН

Жетістіктері:
ACB джиу-джитсудан әлем чемпионы
2023 жылғы джиу-джитсудан әлем вице-чемпионы
Ол 6 жылдық дайындық барысында джиу-джитсу мен грэпплингтен көптеген турнирлерде жеңіске жетті
Қазақстан чемпионы 
Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат 
Астана грэпплинг құрамасының мүшесі 
Джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі 

3. ӘМІРХАН ЕЛДАР
ҚазАТЗУ университетінің 3-курс студенті. 2023 жылы жас айтыскер ақын ретінде «Бейбітшілік әлемі», Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің «Мәдениет Майталманы» төсбелгісімен марапатталған. Облыстық және республикалық деңгейдегі әртүрлі сайыстардың жүлдегері.  

Атап айтсақ, IV республикалық оқушылар айтысының «Бас жүлде» иегері;
Жамбыл облысында өткен аймақтық ақындар айтысының «Бас жүлде» иегері;
«Көктем нұры» оқушылар айтысының «Бас жүлде» иегері;
Алматы облысында өткен дәстүрлі “Жыр алыбы-Жамбыл” республикалық оқушылар айтысынан 3 дәрежелі диплом.
Астана қаласында өткен «Тұлғаларға тағзым» атты VI республикалық жас ақындар мүшайрасынан жүлделі 2-дәрежелі диплом.
Астана қаласында өткізілген “Жастар жалыны-2022” шығармашылық фестивалінде “Айтыс” номинациясы бойынша жүлделі 2 дәрежелі,”поэзия” номинациясы бойынша 3 дәрежелі диплом иегері.

4. АМАНГЕЛДІ ШАПАҒАТ САНЖАРҚЫЗЫ
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті.

Жетістіктері:
Савелия Орлов атындағы VIII Халықаралық музыкалық конкурс-фестивалінің “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша І орын иегері;
2015 жылы Алматы қаласында өткен VII Халықаралық “Ғұмырдария” балалар мен жасөспірімдер байқауында “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;
III Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған “Crystal Star” байқауында “Аспапта орындаушы” жанры бойынша І дәрежелі диплом;
2016 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық “Жадыра жас дарын” байқауында “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Бас жүлде иегері;

5. СЕРІК ЖІГЕР ШОХАНҰЛЫ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі.

Жетістіктері:
2024 жылғы  "Әлихан жүрген ізбенен" комикстер номинациясының 3-орын иегері.
Биология ғылымдарының докторы Р. Іскендірұлы атындағы степендианың иегері 
«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасының 2-орын иегері
2023 жылғы 100 шаршы дойбыдан 2-орын иегері

6. ҚАЛДЫБЕК МЕДИНА НҰРГАЛИКЫЗЫ
Абай Құнанбайұлы атындағы 87 мектеп- гимназиясының 9 сынып оқушысы.

2019 жылғы «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасының 1 орын иегері
2023 жылы «Ахмет GUP»  пікірсайыс турнирінде финалист атанған 
2024 жылғы «Абай сыйы» сайысының 1 орын иегері.
2022 жылдан бастап пікірсайыс клубының мүшесі

7. АБДУХАППАРОВА КАМИЛА ИЛХАМҚЫЗЫ
Астана қаласының №75 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы.

2022 жылы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық
пәндік олимпиаданың 1 дәрежелі диплом  жүлдегері.
2017-2024 жылдардағы оқу жылының үздік оқушысы.
2022 жылы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық
пәндік олимпиадада қазақ тілі бойынша көрсеткен ерекше жетістігі үшін марапатталған.

8. АХМЕТОВА АЛИНА ТҰРЛЫБЕКОВНА
Астана медицина университетінің 6 курс студенті. 2021 жылдан бастап Қазақстандық Медициналық Жастар Ұйымы қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі болып табылады. Осы жылдан бастап ол оның президенті және жетекшісі.

Жетістіктері:
2022 жылы Испанияда кардиоторакальды хирургия саласында тағылымдамадан өтті.
2024 жылы 2000-ға жуық медицина студенттерінен тұратын Қазақстандық Медициналық жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің президенті қызметін атқарды.
2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конгресінде волонтер болды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және ДДСҰ алғыс хаттарын алды.
2023 жылы Филиппинде өткен IFMSA аймақтық жиналысына спикер ретінде шақырылып, жаттықтырушы мәртебесін алды

9. ТУЛЕПБЕРГЕН АЯУЛЫМ КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫ
 Астана қаласы №55 Орта мектебінің 9 сынып оқушысы

Жетістіктері: 
2019 жыл-Жастар жылы аясында өткізілген байқауда театр жанры бойынша Алтын медальға не болған.
Ғылыми жобалар байқауында "Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу" бағыты бойынша І  орынға ие болған
Химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың І орын иегері
«Жыл оқушысы» кубогымен марапатталған
«Білімді ұрпақ-тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық эссе байқайының 1 орын иегері.

10. ҚАЙЫРБЕКОВ ТЕМІРЛАН СЕРІКҰЛЫ
2022 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 3-ші курс студенті. 

Қазіргі таңда көптеген ғылыми жұмыстардың орындаушысы және үйлестірушісі болып қызмет атқаруда. Атап айтсақ,
1) Жеке құс фермаларына арналған жоба 
2) Терең игеру үшін Реголит жобасы 
3) Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған су арналарын құрастыру жобасы
Оқу орнының «Үздік дипломаттар», «Жыл белсендісі» номинациясына ие болған.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру