Бас Мүфти Айя София мешітінде Түркия Президентімен кездесті
15 сәуір 2022
4456
0
Оқу режимі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласындағы атақты Айя София мешітінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Түркия президенті Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айымен құттықтап, қазақ еліне ыстық сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ бүгін Айя София мешітінде жұма намазы оқылды. Түркия Діни басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш жұма құтбасын оқып, зекеттің қадір-қасиеті жайлы уағыз айтты.
Айя София мешітінде өткен жұма намазына Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров қатысты.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру