Бас мүфти: Бірлігіміз бен берекеміз баянды болғай!

01 мамыр 2019 5248 0
Оқу режимі

Құрметті отандастар!

Біздің еліміз мамырдың алғашқы күнінде Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін айрықша атап өтеді. Бұл мереке күнінің маңызы айрықша. Адамзат тарихынан қай елде бірлік жоғалса, сол жерде жеңіліс болғанын білеміз. Бақыт пен береке ынтымаққа ұйысқан елде ғана баянды болады. Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда барша адамзат баласына:

«Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят), – деп бұйырған.

Біздің жас тәуелсіз еліміз алыс-жақынның арасын жарастырып, діні бөлек діни көшбасшыларды бір дөңгелек үстел басына біріктірген бітімгер мемлекетке айналды. Қазіргі қоғамда қалыптасқан өзара құрмет пен сыйластықты нығайта түсу үшін барша азаматқа үлкен жауапкершілік артылады.

Қадірлі қауым!

1-мамыр – бірлік мерекесі құтты болсын! Алла Тағала бірлігіміз бен берекемізді баянды еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болғай! Әмин!

Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру