Бас мүфти Hikmet TV арнасы арқылы жұма насихатын айтты (ВИДЕО)

27 наурыз 2020 6187 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында насихат айтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әрбір адамның жарық күні санаулы. Сондықтан біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қысқарта алмаймыз. Оның өлшемі Ұлы Жаратушының құзырында» дей келе, жер бетіндегі барлық нәрсенің пәни екенін еске салып, уақыттың қадірін білуге шақырды.

«Уақыт алдында мұсылманның екі міндеті бар. Біріншісі – уақытты жүйелеу, екіншісі – бос уақытты тиімді пайдалану» дей келе Бас мүфти екі нығмет – денсаулық пен уақытты пайдалы іске жұмсау қажеттігіне мән берді.

Сөз соңында ҚМДБ Төрағасы жұртшылықты Шағбан айының кіруімен құттықтап, қазіргі төтенше жағдайдың аяқталып, мешіттерде жамағатпен бірге намаз оқып, бұрынғы мамыражай күнге тезірек жетуге дұға етті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру