Бас мүфти Маңғыстауда жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

14 қазан 2019 5764 0
Оқу режимі

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Онды ауылында жаңа мешіт ашылды. Аталмыш ауылда жазушы, драматург Әбіш Кекілбайұлы дүниеге келген.

Алланың жердегі үйі мешіт құрылысына облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы бас болып, кәсіпкер азаматтардың қолдауымен құрылысы бітті. Мешіттің ашылу рәсімі жазушы Әбіш Кекілбайұылының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.

Мешіттің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер министр орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан келген бір топ зиялы қауым өкілдері мен аудан, ауыл тұрғындары қатысты. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Құран оқып, дұға жасады. Премьер министр орынбасары Б.Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, халыққа игі тілегін арнады.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысында осымен 35-ші мешіт есігін айқара ашқанын атап өтті. Мешіт имамын жұртшылыққа таныстырып, қасиетті Құранды сыйға тарту етті.

Мешітке кірген қонақтар әуелі екі рәкат нәпіл намаз оқып, артынан Бас мүфти Құран оқып, дұға етті.

Дереккөз: Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру