БАС МҮФТИ МЕН МИНИСТР ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
21 қыркүйек 2022
2433
0
Оқу режимі
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы және Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхтар Жұма елордадағы Республикалық бас мешітте діни экстремизмге қарсы біліктілікті арттыруға арналған курсқа қатысушы имамдармен жүздесті.
Бас мүфти 70 имамға екі апталық онлайн курс өткізген әл-Азһар ұстаздарына және дәрістерді өткізуге ұйытқы болған Уақып министрлігіне алғысын білдірді.
Өз кезегінде Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхтар Жұма имамдардың білімін жетілдіру мақсатында осындай игі іс-шараларға қолдау білдіруге әрқашан дайын екенін айтып, біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру