Бас мүфти мешіт ашылуына қатысты (ФОТО)

11 қазан 2019 5301 0
Оқу режимі

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Зерделі ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Құлшылық ордасының ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз қатысты. Жамағатқа құтты болсын айтып, игілікті істі атқарған Каналбай Сейілбековтың әулетіне ризашылығын білдірді.

Мешіт ескі намазхананың орнынан бой көтерді. Сыйымдылығы 250-300 адам. Құрылысы жарты жылда аяқталды. Мешіт ішінде барлық жағдайлар жасалған.

Пікірлер Кіру