БАС МҮФТИ ПӘТУА БЕРУ КЕҢЕСІНІҢ АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
09 қараша 2023
2013
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында Пәтуа беру кеңесінің арнайы қабылдауына қатысты.
Әбу-Даби қаласында Шариғи пәтуалар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ғылыми жаңалықтарға шариғаттың көзқарасы: әдістемелік, практикалық, моральдық» тақырыбында өткен халықаралық конференцияның қорытынды жиынына бірқатар мұсылман елдерінің дін ғалымдары, мүфтилері шақырылған. БАӘ Пәтуа беру кеңесінің төрағасы шейх Абдулла бен Бейа конференцияға қатысушы құрметті меймандарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шейх Абдулла бен Бейаның иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру