БАС МҮФТИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

28 қыркүйек 2023 1690 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында өңір басшысы Асайын Қуандықұлымен кездесті.

Кездесуде аймақтағы діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар қазақ даласынан шыққан тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру мәселесі сөз болды. Тараптар осы бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Айта кетсек, бүгінде Павлодар облысында 107 мешіт жұмыс істейді. Облыста 21 мешіт жаңадан салынуда. 107 мешітте 165 дін қызметкері өзіне жүктелген діни міндетті атқаруда. Павлодар облысында ҚМДБ-ға қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде 57 шәкірт тәлім алуда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру