Бас мүфти Павлодарда
16 тамыз 2019
5511
0
Оқу режимі
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз іссапармен Павлодар қаласында болды.
Бас мүфтидің сапары қасиетті жұмаға дөп келгендіктен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма намазына жиналған мыңдаған жамағаттың алдында адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, зекет парызы, садақа сауабы туралы кеңінен уағыз толғады.
Келесі кезекте хазірет Серікбай қажы жұма намазын жүргізді. Намаздан кейін қасиетті Құран аяттары оқылды. Құлшылықтың қабыл болуын тілеген жамағаттың алдында Отанымызға тыныштық, елімізге амандық, әрбір отбасыға жақсылық, береке-бірлік тілеп дұға жасады.
Мешітке келген ақсақалдар мен жастарға көңіл бөліп, олармен амандық-саулық сұрасып, риясыз ниетін білдірді.
Дереккөз: Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер
Кіру