Бас мүфти қарашаңырақ – ҚАЗҰУ студенттеріне дәріс оқыды (ФОТО)

24 мамыр 2019 5579 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының арнайы шақыруымен осы оқу ордасында өткен ауызашар дастарханында болып, студенттерге дәріс оқыды.

Ауызашарға ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, доктор Мұхаммед Шахат әл-Жинди, ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысты.

Берекелі басқосуда алғашқы сөз алған Бас мүфти қасиетті рамазан айының артықшылығы мен құндылығы жайлы айта келе:

«Біздің ұлтымыз өскелең ұрпақтың жадына «обал болады» немесе «сауап болады» деген ұғымды сіңірген. «Обал болады» мен «сауап боладының» түпкі мәні тереңде. Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады. Міне, қарап отырсаңыз осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие негіздері. Біз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан халқымыздың осындай қасиетті ұғымдарын жастарымыздың санасына сіңіре беруіміз керек», – деп атап өтті.

Кездесу соңында ректор Ғалымқайыр Мұтанов өзінің шақыруын қабыл алып, арнайы келіп, жастарға дәріс оқыған Серікбай қажы Сатыбалдыұлына алғысын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру