Бас мүфти Қазақ радиосына арнайы сұхбат берді

10 сәуір 2020 4346 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақ радиосының «Ықылас» хабарына арнайы сұхбат берді.

Діни басқарма төрағасы хабар барысында негізінен қазіргі жағдайға барынша тоқталды. Елдегі төтенше жағдай кезіндегі карантиннің мұсылман үмбетінің құлшылығына тигізіп жатқан әсері, карантин уақытын тиімді пайдалану, алда келе жатқан Рамазан айына дайындық барысы мен күллі мұсылман әлеміне жолданған «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» атты Үндеу де сұхбатқа арқау болды.

Сонымен қатар осы карантин кезінде кәсібі тоқтап, уақытша қиындықтарға тап болған жандарға мешіт тарапынан жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстарын да тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, Бас мүфти жұма намазы уақытында барша мұсылман баласын бір уақытта дұға жасауға шақырған болатын. Қазіргі таңда көптеген елдердің дін басшылары осы Үндеуге қолдау білдіріп, дұғаға қосылатындарын жеткізуде.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру