Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында алқалы жиын өткізді (ФОТО)

08 тамыз 2019 4617 0
Оқу режимі

Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Құрбан айтқа дайындық жұмыстарына арналған алқалы жиын өтті.

Жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.

Жиналыста Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы әр бөлімнің қызметкерлеріне өзіне жүктелген міндет пен қызмет аясында Құрбан айт мерекесі кезінде ұйымдастыру шараларына белсенді түрде атсалысуды тапсырды.

Жиын барысында Наурызбай қажы Тағанұлы Елорда бойынша мешіттер мен дін қызметкерлерінің ұлық мейрамға дайындық жұмыс-жоспарлары жайында баяндады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша белгіленген 7 орында құрбандық шалуға болатынын хабардар етті.

«Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Біз Құрбан айт күні атқарылатын шараларды жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Әр қызметкер өз саласы бойынша жұмыстарды сапалы түрде орындауы қажет», – деп атап өтті Бас мүфти.

Кездесу соңында ҚМДБ қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру