Бас мүфти Сұлтан Сартайұлының отбасына көңіл айтты
14 желтоқсан 2019
4132
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз профессор Сұлтан Сартайұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туған туыстарына көңіл айтты.
"Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақылдастар алқасының белді мүшесі ретінде қоғамдық шараларымызға елеулі үлес қосқан тұлға еді. Қайғының арты қайырлы болғай. Алла Тағала марқұмды рақымына бөлеп, мейіріміне алғай. С.Сартайұлының еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі жас ұрпаққа қашан да үлгі болары сөзсіз" делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру