БАС МҮФТИ ТАШКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
15 қазан 2024
634
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент шаһарында басталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мәртебелі мейман ретінде қатысты.
«Ислам – бейбітшілік және ізгілік діні» тақырыбында өткен конференцияға мұсылман елдерінің Бас мүфтилері, дін қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғалымдар мен дін қызметкерлері қатысуда.
Конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – дінаралық достықты нығайтуға үлес қосу, дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеу, Исламның бейбітсүйгіш дін екенін халықаралық дәрежеде дәріптеу т.б.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру