Бас мүфти Түркістанда зиярат жасап, қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)
04 маусым 2019
5291
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз киелі Түркістанда болып, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті. Бабалар рухына Құран бағыштады.
Түркістан облыстық мешітінде Бас мүфтидің қатысуымен «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы өтті. 300 отбасыға көмек берілді. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жиылған жұртшылықты алда келе жатқан ораза айт мерекесімен құттықтап, береке тіледі.
Игі шарада наиб мүфти Алау Әділбаев мұқтаж отбасыға үйдің кілтін тапсырды. Игі іс ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында жүзеге асты. Айта кетейік, бұл көпшіліктің демеушілігімен берілген 69-шы баспана.
Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру