Бас мүфти ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

27 желтоқсан 2019 5397 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

«Алматы халықаралық әуежайы маңында болған қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан сіздерге, ағайын-туыстарыңызға, барша халыққа көңіл айтамын. Қайғылы жағдай біздің де жанымызға батты, жүрегімізді ауыртты.

Жаратушы Иеміз марқұмдарды өз мейіріміне бөлесін деп тілейміз. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа сұраймыз. Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі апаттан сақтасын. Ел аман, жұрт тыныш болғай. Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады.

Пікірлер Кіру