Бас мүфти Жетісу ауданы жамағатына уағыз айтты (ФОТО)

27 ақпан 2020 3969 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесінде тәлім алып жатқан шәкірттерге дәріс оқыған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы игі кездесуден кейін Жетісу ауданы жамағатына уағыз айтты.

Бесін намазын өтеу үшін аудандық «Әл-Мәдина» мешітіне жиналған қауымға насихатын жеткізген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Аллаға шүкір, қазір елімізде салынып жатқан мешіт саны жыл санап артып келеді. Мемлекет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жамағатты жақсылыққа үндеп, жат ағымнан сақтандыру шараларына қолдау көрсетіп келеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде мұсылман үмбеті тек жақсы істер үшін бірігіп, бір-біріне көмекші болатынын айтқан. Ендігі мақсат, Алла елшісі айтқандай, өзара ынтымағымызды арттырып, игі де сауапты шаралардың басы-қасында болып, жұмыла жұмыс істеу. Осынау ортақ мақсаттарымызды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын», – деп атап өтті.

Кездесу соңында Бас мүфти жамағатпен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру