Білім және ғылым министрі Бас мүфтиді құттықтады (ФОТО)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.
«Бұл мәртебелі міндет ұзақ жыл бойы елдегі діни ахуалды жақсарту, халқымыздың төл руханияты ислам дінін насихаттау және оны орнықтыру бағытында атқарған қажырлы еңбегіңіздің еленуі деп білемін. Нұр-Сұлтан қаласы халқының діни сауатын арттыруда және келер ұрпаққа тәрбие беру, отандастарымыздың рухани әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесіңізді, сондай-ақ мұсылман қауымы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамдағы гуманистік құндылықтарды барынша нығайтуға белсенді атсалысып жүргеніңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да діни ахуалды жақсарту және азаматтарымыздың бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бағытында табысты еңбек атқаратыныңызға сенімдімін» делінген құттықтау хатында.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі