Бірінші наиб мүфти америкалық сарапшылармен сұхбаттасты (ФОТО)

23 мамыр 2019 6158 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаментінің діни азшылық жөніндегі арнайы кеңесшісі Нокс Темз бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бірінші наиб имамы Марат Бектазинов, Америка тарапынан АҚШ Мемдепартаментінің демократия істері, адам құқығы және еңбек Бюросының халықаралық діни еркіндік басқармасының қызметкері Робин Шульман, Халықаралық діни еркіндік жөніндегі АҚШ Комиссиясының сарапшысы Джейсон Мортон, осы Комиссияның зерттеушісі Кили Баккен, АҚШ Дипломатиялық миссиясының басшысы Теодор Линг, АҚШ Елшілігінің Бірінші хатшысы Пол Юкич, АҚШ Елшілігінің Екінші хатшысы Карл Лорен Коэн қатысты.

Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы сарапшыларға Қазақстанның әлемдік діни татулық пен келісімді нығайту бағытындағы халықаралық бастамаларын баяндап, ҚМДБ жұмыс жүйесі мен республикалық мешіт  «Әзірет Сұлтанның» тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, еліміздегі діни оқу орындарының жұмысы туралы хабардар етті.

Сарапшылар әлемде орын алған лаңкестік оқиғалардың қаупі жайлы, кез-келген террорлық әрекетке төзбеушілік сезімді ояту, діни достық пен келісім құндылықтарын арттыру туралы пікір алысты.

Ресми қабылдаудан кейін қонақтар «Әзірет Сұлтан» мешітінің сәулет өнерімен танысты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру