Бірінші наиб мүфти Маңғыстау облысының әкімімен кездесті (ФОТО)
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай Өтелгенұлымен кездесті. Кездесу барысында Наиб мүфти облыс әкіміне Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, алты жыл облыс имамы болып қызмет атқарған Смайыл Сейтбековтің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бөлім меңгерушісі болып ауысып жатқанын айтты. Облыс имамы болып жаңадан тағайындалған Ануар Ізімбайұлы Елжановты таныстырды.
Өз кезегінде облыс әкімі Смайыл Сүйерқұлұлына алты жыл бойы облыстың рухани дамуына үлес қосқаны үшін және көптеген шараларды жүзеге асырып, дін саласында атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Арнайы алғыс хат беріп, сыйлық табыстады. Жаңадан тағайындалған өкіл имам Ануар Елжановқа жаңа қызметінде табыс тіледі.
Дереккөз: Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері