Бірінші наиб мүфтидің жаңа кітабы жарық көрді (ФОТО)

12 қазан 2018 7073 0
Оқу режимі

Қазан айының алғашқы аптасы еліміздің руханияты үшін пайдалы өтті десе де болғандай. Апта басы Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісі мен Ғұламалар Кеңесінің ХХ отырысымен басталса, 10-11 қазан күндері Елорда төрінде екі күнге созылған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI сьезі» болып өтті.

Осы орайда, қазақ руханияты тағы бір салмақты дүниемен толықты. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен Төралқа мәжілісі аясында ҚМДБ төрағасының бірініші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы «Мәзһабсызбен сұхбат» атты кітабының танысытырылымы болып өтті.

Барша оқырман қауымға арналған іргелі еңбекте мәзһаб ұстанудың маңыздылығы, мәзһабтар арасындағы айырмашылықтар, тағы да басқа көптеген түйткілді жайттар өнегелі мысалдармен өрнектеліп, оқырманға жатық тілде тілде жеткізілген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру