Биылғы қажылық кезінде 8 нәресте дүниеге келген

18 қыркүйек 2019 6420 0
Оқу режимі

Осы жылғы қажылық маусымы барысында 8 сәби дүние есігін ашқан. Олардың бесеуі Мекке шаһарындағы перзентханада, екеуі Арафат маңында, тағы бірі Мина жазығында туылды.

Солардың бірі Гвинеядан келген Маймуна Али күйеуімен бірге Жабалур-Рахма тауына көтеріліп келе жатқанында толғақ қысып, сол жерде босануға тура келген. Олар перзентіне Муҳаммед Салман деп ат қойыпты.

Arab News-тің мәліметіне орай осы жылы 2,5 млн. ға жақын  мұсылман қажылық парызын орындаған. Ал, аталмыш 8 нәрестенің өмірге келуі рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру