Биылғы жылдың алғашқы бөбегіне Ислам деген есім берілді

11 қаңтар 2021 4693 0
Оқу режимі

Татарстанның Кукмор деп аталатын қалашығында тұратын Ильшат Бикмухаметовтың отбасы үшін 2021 жыл өзгеше қуанышпен басталды. Жаңа жыл қарсаңында толғатқан жұбайы Гульфия дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліп, отағасына ізбасар ұрпақ сыйлады. Нәрестенің атын Бикмухаметовтер отбасы Ислам деп қойған.

Бір қызығы, қаңтар айының 1-жұлдызында дүниеге есігін ашқан нәресте республика аумағындағы алғашқы сәби болып тіркелген екен. Осылайша, татар еліндегі 2021 жылдың алғашқы сәбиі Ислам болып тарихқа еніп отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру