Британия мұсылмандарының саны 3 млн-ға жетті

05 қаңтар 2020 5165 0
Оқу режимі

Британия ұлттық статистика бюросының 2019 жылдың қорытынды есептеріне сәйкес, елдегі мұсылман жамағатының саны ресми түрде 3-млн-нан асып отыр. Тіпті, Лондон қаласындағы кейбір аудандардағы мұсылмандар саны 50 пайызды құраған көрінеді. Сарапшылардың айтуынша, осы қалыпта дамитын болса, ендігі онжылдық ішінде толығымен «мұсылман аудандар» айналмақ.

Ресми мәлімет бойынша, Англия, Шотландия және Уэльс мемлекеттерінің аумағында Ислам дінін ұстанушылардың саны 3 363 210 адамды құраған. Бұл жалпы халық санының 5,9 пайызын құрайды. Бұл туралы The Sun агенттігі хабарлап отыр.

Сондай-ақ, 2018 жылы ел астанасы Лондон қаласында 1,26 млн-ға жуық мұсылман жан (шаһар халқының 14,2 пайызы) тіркелген екен. Мамандар зерттеу нәтижелері барысында, христиан және сикх дініндегілердің саны азайғанын айтады. Ал, иудей және будда дініндегілердің саны шамамен бұрынғысынша сақталған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру