БҰҰ діни нысандарды қорғау жобасын жасап шықты

13 қыркүйек 2019 5503 0
Оқу режимі

Біріккен Ұлттар ұйымы әлемдегі түрлі діни нысандарды қорғауға қатысты жаңа жоба ойластырып шығарды. Бұл жайынд ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта діни ескерткіштерді қиратып-бұзу оқиғалары, мұсылмандарға деген өшпенділік, христиандарға жасалған шабуылдар секілді жабайы әрекеттердің белең алғаны бәрімізге белгілі», – дейді ол. Оның айтуынша, соңғы бір айдың ішінде әлем бойынша синагогада өлтірілген еврей, мешітке жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан мұсылмандар, құлшылық уақытында көз жұмған христиандар оқиғасы да тіркелген екен.

«Мен бұл шабуылдардың барлығын да қатаң айыптаймын. Және де қорқынышым да бар. Діни нысан – соғыс алаңы емес, құлшылық орны болып қалуы қажет», – деп өткен БҰҰ Бас хатшысы жаңа жобаның мемлекеттерге қолдау көрсетіп, қасиетті орындарды қорғауға бағытталғанын жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру