Деструктивті ағымдардың алдын алу жұмыстары талқыланды (ФОТО)

07 наурыз 2019 6502 0
Оқу режимі

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде деструктивті ағымдардың алдын алу жұмыстары бойынша Әдістемелік кеңес мүшелерінің отырысы болып өтті. Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан алқалы жиынға Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Бауыржан Диханбаев, Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары, Марат Бектазинов, Дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог маманы Ерхан Ыбышев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана өкілдігінің теріс ағымдармен жұмыс бағытына жауапты Нұрлан Рамазановтар қатысып, ортақ ой қорытты.

Елорда бойынша деструктивті ағымдардың алдын алу жұмыстарына жауапты діни қызметкерлер бас қосқан жиналыс барысында жалпы жоспар талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Мешіт жамағаты бойында теріс ағымдарға тосқауыл боларлық иман иммунитетін қалыптастырып, осы бағыттағы түрлі шаралар ұйымдастыру жайы қозғалды. Атап айтқанда, мешіт жамағаты мен шәкірттерінің діни білімін арттыру мақсатында түрлі білім сайыстарын, салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық жарыстар,семинар-тренингтер өткізу жайы атап өтілді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наруызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Астана өкілдігі бойынша деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізетін арнайы Әдістемелік кеңес құрылып, Елордамыздағы ең білікті мамандар жұмылдырылған болатын. Қазіргі таңда Әдістемелік кеңес мүшелері түрлі мекемелерде, оқу орындарында, түзеу колонияларында табанды дәріс жүргізіп, теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарын жемісті жүргізіп келеді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру