«ДІН МЕН ДӘСТҮР» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

16 тамыз 2023 2648 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызды ұштастырған көркем шығармалардың озық үлгілерін дәріптеу мақсатында сәуір айында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Көпшіліктің сұрауы бойынша мүшәйраға шығармалардың қабылдау уақыты 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Мүшәйраға қатысу талаптары төмендегідей. 

Мүшәйраның мақсаты:   

Сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі діннің орнын айшықтау;
Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;
ҚМДБ-ның биылғы бес жұмыс бағытының бірі «Дін мен дәстүр» бағытын жандандыру;
Ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру;

Мүшәйра шарттары:  

Мүшәйраға қатысушылар төмендегі тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша 2 өлең жазып ұсынуы қажет:
«Дін мен дәстүр» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқанын жыр жолдарымен жеткізу т.б);
«Соңғы пайғамбар» (Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жыр арнау);
«Бес парыз – дініміздің діңгегі» (Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген амалдар (иман, намаз, ораза, қажылық, зекет) жайлы өлеңдер);
«Тарих пен тұлға» (қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдары (Ясауи, Сығанақи т.б) мен ұлт қайраткерлеріне (Бейбарыс сұлтан, Абай хәкім т.б) арнау шығару);

Еркін тақырыпта жазылған өлеңдер.

Мүшәйраның талаптары:  

Өлеңдер «Дін мен дәстүр» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;

Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін iman@muftyat.kz электронды поштасына жолдауы қажет.

Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.

Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;

Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.

Өлеңдерді қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып 2023 жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. 

Мүшәйра барысы:  

Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар Мәуліт кешінде (нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.

Жеңімпаз авторлардың шығармалары республикалық «Мұнара» газеті мен muftyat.kz сайтында жарияланады.

Жүлде қоры:  
Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама
Екінші орын – 200 мың теңге (екеу)
Үшінші орын – 150 мың теңге (екеу)
Бұдан бөлек 5 адамға ынталандыру сыйлығы (70 мың теңгеден) беріледі.

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 
Ақпараттық қолдаушы: 
«Мұнара» газеті мен «Иман» журналы

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру