ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕШІТ ҰСТАЗЫНЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАДЫ (ФОТО)

11 қазан 2024 637 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бірер ай бұрын жол апатына ұшыраған Көктал мешітінің ұстазы Хурсанд Бертымуратовтың көңілін сұрап, үйіне барды.

Көлік апаты салдарынан аяғының ортан жілік сүйегі сынып, оң аяғының сүйегі жарылған және ауыздағы тістері де сыныпты. Енді  сол аяғына ота жасалған Хурсанд Бертымуратов дәрігер кеңесі бойынша екі ай төсекте жатуға мәжбүр.

Науқастың шаңырағына зиярат жасап барған дін қызметкерлері көңілін сұрап, Алладан шипа тіледі. Сауапты да жауапты жұмысты жалғастыруға тілектестік білдірді. Сонымен бірге Хурсанд Бертымуратовқа алдағы ем-шаралары үшін 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатын табыс етті.

Алла Тағала дін қызметкерінің дертіне шипа, деніне саулық бергей!

Пікірлер Кіру