Дінбасы мен депутат сұхбаттасты (ФОТО)

14 маусым 2019 5004 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазовпен кездесті.

Екіжақты сұхбат барысында Дінбасы мен депутат қоғамдық келісім мен дінаралық татулықты, тұрақтылықты нығайту бағытында ықпалдасып жұмыс жүргізу, Әлемдік және дәстүрлі дән лидерлері съезінде қабылданған қарарлар мен үндеулерді халыққа насихаттау, қоғамда қайырымдылық шараларды ұйымдастыру, т.б. мәселелер бойынша пікір алысты.

Сонымен қатар басқосуда жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселесі де сөз болды. Бас мүфти бұл бағытта мүфтияттың атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Кездесу соңында тараптар ел игілігі үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру