ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ХХІІ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ
08 қазан 2024
631
0
Оқу режимі
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы басталды.
Съез хатшылығына қатысып жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары қатарында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да бар.
Бүгінгі жиынның алғысөзінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы съезді дамыту тұжырымдамасының аясында ұсынылып отырған маңызды бастаманың бірі – жас дін көшбасшыларының форумын өткізу екенін ерекше атап өтті.
«Конфессияаралық және мәдениеттер арасындағы диалогқа жастарды белсендірек жұмылдыру қажет екені айдан анық. Съез жұмысына жас көшбасшылардың қатысуы өркениеттер арасындағы, діндер арасындағы диалогта дәстүр мен сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді» деді Сенат спикері.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру