Діни басқарма бір аптада 11 387 бетпердені тегін таратты (ФОТО)

07 сәуір 2020 4231 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа бір апта ішінде 11 387 дана бетперде таратты. Бұл туралы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев мәлімдеді.

«Бүгінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика деңгейінде түрлі бағытта қайырымдылық шаралары жүзеге асуда. Соның бірі – төтенше жағдай кезінде жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа тегін бетперде жеткізу. Бетперде мешіттеріміздегі тігін шеберханаларында тігілді. Қалған бөлігі демеушілердің көмегімен жеткізілді. Осы ретте игі бастамаға үлес қосқан барша дін қызметкерлеріне, демеуші азаматтарға айрықша алғысымызды жеткіземіз» деп атап өтті Камалжан Тұрдыбаев.

Айта кетсек, бұл қайырымдылық шарасына аймақтағы имамдар үлес қосқан.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру