ДІНИ САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

09 қараша 2024 405 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Діни сараптама бөлімінің жұмысын жетілдіру бойынша жиын өтті.

Басқосуға наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы арнайы қатысты.

Жиында алдымен Діни сараптама бөлімінің жыл басынан бері атқарған жұмыс есебі тыңдалды. Бұл ретте бөлімнің әр өңірдегі,  Алматы, Астана және Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды өкілдіктеріндегі жауапты мамандары баяндама жасап, атқарылған жұмыстары мен жоспарларын бөлісті. Сонымен қатар, діни білім саласындағы жаңашылдықтар мен дінтану бағытындағы сараптамалық талдаулардың маңыздылығы сөз болды.

Жиналыс барысында ерекше назар аударылған мәселелердің бірі – діни ағымдар мен идеялардың таралуына қарсы күрес бағытындағы жұмыстар және осы жат діни идеологияның таратылуына себеп болатын еңбектерге тосқауыл жасау болды. Бұл бағытта діни сараптама бөлімі қызметкерлері түрлі ақпараттық-тәжірибелік шараларды жүзеге асырып, халық арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыруға күш салуда.

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі доктор Нұрлан Қайырбеков бөлім жұмыстарының сапасын арттыру және жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы мүфтияттың қоғамдық миссиясы да күшейе түседі дейді.

Жиналыс қорытындысында алдағы уақытта жұмысты жетілдіру, жаңа міндеттерді іске асыру жөнінде айтылды. Бұдан бөлек, Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасы және ҚМДБ Діни сараптама бөлімі арасындағы меморандум қабылдау жайлы шешімге келді. Және Діни сараптама бөлімі алдағы уақытта кітаптардың сараптау жүйесі жайлы кітапша жарияланатыны айтылды.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру