Е. Оңғаров Ақмола облысында кездесулер өткізді (ФОТО)

02 шілде 2019 5030 0
Оқу режимі

ҚМДБ өкілі, исламтанушы Ершат Оңғаров Ақмола облысында бірақатар тағылымды кездесулер өткізді. Алдымен облыстағы түзету мекемелерін аралап, ондағы жазасын өтеушілермен әңгімелесті. Жат ағымның зиянды жақтары жайлы терең әңгіме қозғады.
Мұндай кездесулер Көкшетау қаласындағы мешіт жамағаттарымен де болды. Кездесу аясында дәстүрлі діни құндылықтар насихатталып, жат ағыммен күрес мәселесі айтылды.

«Науан xазірет» мешітінде облыстың мешіт қызметкерлерімен сұxбаттасып, имамдардың діни тұлғасы және жеке мінез-құлқы мәселесін кеңінен қозғады. Артынан аудан, қала имамдарымен кездесу болып өтті. Бұл басқосуға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин қатысып, имамдармен пікір алмасты. Мемлекет пен дін, яғни зайырлы қоғам жайлы ойлар ортаға салынды.

Ершат Оңғаров жұма намазына қатысып, жамағатқа арнасы терең уағыз айтты.

Дереккөз: nasihat.kz

Пікірлер Кіру