«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 186-шы баспана берілді (ФОТО)
07 наурыз 2020
4789
0
Оқу режимі
Павлодар облысындағы қалалық және аудандық мешіттердің біразында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұлов тұщымды уағыз айтты. Уағыздан соң облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы мен ҚМДБ «Зекет» қорының облыстағы өкілі Қанат Тілеубаев «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі директорына Павлодар қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Бұл баспана «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша жиналған қаражатқа алынды.
Баспаналы болған жан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің жас ұстазы. Бұл медреседе бүгінде еліміздің 5 облысынан 40-қа жуық бала білім алуда.
Дереккөз: Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру