Елорда имамдары біліктілікті арттыру мақсатында онлайн дәрістер өткізуде (фото)
31 қаңтар 2023
2375
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің имамдары біліктілігін арттыру мақсатында өзара дәрістер жүргізуде. Дәріс әр аптаның алғашқы төрт күнінде таңғы сағат 9:00 - 9:20 аралығында ZOOM платформасында өтеді.
Мәшһүр хадистердің бірінде:
«Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді» (Бұхари, Муслим) деп ынталандрады, сондай-ақ, білім талап етудің парыз екенін айтады. Пайғамбар хадисіне амал етіп, жаңғыртып жатқан ұстаздарымыз қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында «Ихтияр» кітабы ораза бабы және «Тахауи ақидасы» бойынша білімдерін жетілдіруде.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру