Елорда имамдары жылдық қорытынды есеп берді (ФОТО)

26 қараша 2018 10039 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Елорда имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті. Алқалы жиында Астана қаласындағы тоғыз мешітте жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Сондай-ақ, «Астана» медресе колледжі мен «Зекет» қорының Астана өкілдігінің де жылдық есебі тыңдалды.

Жаңа нұсқа бойынша өткен жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша жалпы мәлімет беріліп, фотосуреттермен нақтыланып отырды. Сонымен қатар, кейбір мәліметтер бойынша қосымша сұрақтар қойылып, мешіттегі түрлі мәселелердің шешу тетігі қарастырылды.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жалпы оң бағасын беріп, дін жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кейбір құлшылық ордаларындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізіу жайттары айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру