Елорда мешіттеріне садақа терминалдары орнатылды (ФОТО)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде Елордадағы құлшылық ордаларына садақа терминалдарын орнату салтанаты болып өтті. Айтулы оқиғаға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев бастаған билік өкілдері, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және Елорда имамдары мен жамағаты қатысты.
Іс-шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Елордадағы барлық 12 мешітке 32 электронды терминал орнатылғандығын жеткізді. Сондай-ақ, терминалдарды орнату жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Министр Дәурен Абаев заманауй тәсілді қолданысқа енгізу халық алдында діни басқарманың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз азаматтардан қайырымдылықтың түсуі ҚМДБ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен жариялылығына оң септігін тигізетіндігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Министр мен Бас Мүфти «Әлжан Ана» мешітінде Елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне қатысты мәселелерді талқылады.