Елорда өкілдігі қоғамдық қор мүшелеріне жәрдем көрсетті (ФОТО)

05 тамыз 2020 4262 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін Бас шаһардағы «Бақытты шаңырақ» мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына қайырымдылық шарасы жасалды. Қор төрайымы Пернеш Абдукаримқызының жасаған өтінішіне орай бүгін Елорда өкілдігі атынан қор мүшелеріне 100 сөмке ет және азық-түлік қоры берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері алдымен «Бақытты шаңырақ» қорының жақында ашылған орталықтарына соғып, науқас сәбилерді емдеу-сауықтыру шараларына арналған жұмыстарымен танысып, қор қызметкерлеріне көмек сөмкелерін табыстап қайтты. Сол жерге жмылған ата-аналар қауымы мен қор қызметкерлеріне Ерболат Нұрылдаұлы ізгі тілегін білдіріп, аздаған насихат айтты.

Қайырымдылық көмегінің көлемдеу болуына байланысты қалған жәрдем сөмкелері «Бақытты шаңырақ» қорының қоймасына табысталып, өкілдік қызметкерлері карантин режимін сақтай отырып аталған мекенжайға жеткізіп берді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру