Елорда жастары бас қосты (ВИДЕО)

30 желтоқсан 2019 4996 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жастар ісі секторы» мен Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рухани жастардың» ұйымдастыруымен «Ел сенген жастар» ұраны аясында Нұр-Сұлтан қаласы жастарының алғашқы кездесуі болып өтті.

Басқосуда сөз бастаған «Жастар ісі секторының» меңгерушісі Әділет Көпен: «Жастар жылы аясында республика бойынша түрлі деңгейде 10 829 мәдени, рухани, спорттық және діни шаралар ұйымдастырдық. Республикалық және аймақтық деңгейде өткен сауапты һәм салауатты шаралардың мақсаты – жастарды имандылыққа үндеп қана қоймай, олардың бойында патриоттық сезімді ояту. Алдағы уақытта да қарқынды жұмыс жасауға барымызды саламыз!», - дейді.

Кездесу мақсаты — жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Ал, кездесу міндеттері: қазіргі қоғамда жастар арасындағы әртүрлі түйіткілді мәселелердің шешімін табуға үлес қосу; өзін дамытуға деген ынта-жігерін ояту; қоғамда белсенді болуға үндеу; еліне адал қызмет ететін жастар қатарынан болуға атсалысу; еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке баулу; ҚМДБ жариялаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына үн қосу.

«Кездесу барысында бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырыстық. «Қазіргі қоғамдағы жастар бейнесі қандай?», «Жастардың арасындағы басты проблемалар қандай және оның шешу жолдары бар ма?», «Біз жастар буыны қоғамға не бере аламыз?» секілді мәселелер төңірегінде ой бөлістік. Кездесуге қоғамның әртүрлі санатынан жастар қатысып отыр. Оның ішінде студенттер, кәсіпкерлер, жұмыскерлер және т.б. Қойылған сұрақтар аясында көптеген пікірлер айтылып, біраз мәселенің басын ашып алдық деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұндай кездесулер өтіп тұрады. Елім дейтін кез келген қазақтың ұл-қыздарына есігіміз ашық!», - деп атап өтті «Рухани жастардың» жетекшісі Махамбет Искандеров.

Пікірлер Кіру