Елордада Рамазанның әр күні 2000-нан астам жамағатқа ауызашар беріледі (ФОТО)

01 мамыр 2019 6704 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде қасиетті рамазан айына байланысты өткен баспасөз мəслихатында Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Биылғы Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мұқтаждың мұңын бөліс!», «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциялары үлкен көлемде ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, ораза айт мерекесіне орай «Айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өткізіледі. Алла қаласа, қасиетті рамазан айының әр күні 2000-нан астам жамағат Елорда мешіттерінен ауыз ашатын болады.

Қала әкімшілігінің қолдауы арқасында тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустар да биылғы жылы жамағаттың алғысына бөленетін болады», – деп атап өтті Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру