Елордалық 50 бала тегін сүндеттелді (ФОТО+ВИДЕО)

01 қыркүйек 2020 5296 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда төріндегі «Нұр-Астана» мешітінде тегін сүндеттеу рәсімі болып өтті. Жаңа оқу жылының қарсаңында өткен игі шара аясында 50 бүлдіршін сүндеттеліп, азамат атанды.  Игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мұрындық болып, «Зекет» қайырымдылық қоры және «Әл-Хижама» клиникалық орталығы демеушілік танытып, бүлдіршіндерге сый жасады.

Шараға арнайы қатысқан Нұр-Cұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бүлдіршіндерге жылы лебізін арнап, салт-дәстүріміздің құндылығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, «Зекет» қорының өкілі Нүркен Ділмұхан мен «Әл-Хижама» орталығының төрағасы Бижан Маратұлы да бүгінгі шараның мән-маңызына тоқталып, өз тілектерін жеткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру